ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Ақтөбеде 9 футболшы 110 миллион теңгеге ставка тіккен - бас прокуратура

04.10.2025, 16:14

Бұл туралы бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған

Ақтөбеде 9 футболшы 110 миллион теңгеге ставка тіккен - бас прокуратура
ФК “Ақтөбе”

Қазақстанда келісілген футбол матчтарының фактілері мен футболшылар тарапынан жасалған көпмиллиондық ставкалар анықталды.

Бұл туралы бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған.

«Биыл бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясымен бірқатар футбол клубтарына тексеріс жүргізіп, оның нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар, соның ішінде келісілген матчтар мен букмекерлік кеңселерде ставкалар тігу фактілері анықталды. Еңбек шарттарымен мұндай әрекеттерге тыйым салынғанына қарамастан, футболшылар мен бапкерлер букмекерлік ставкаларға қатысуды жалғастырған. Мысалы, Ақтөбе қаласында тоғыз футболшы жалпы сомасы 110 миллион теңгеге ставка тіккен. Осыған байланысты 2025 жылғы 2 сәуірде заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс Федерацияның атына енгізілді», — делінген Асыловтың депутат Абзал Құспанның сауалына берген жауабында.

Бас прокурордың айтуынша, ұсынысты қарау нәтижесінде Федерация анықталған бұзушылықтарды жою және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасын» әзірлеген.

«Жол картасында аудит, қаржы және этика комитеттерін құру, сондай-ақ қаржылық тәртіпті күшейтуге бағытталған 33 іс-шараны іске асыру көзделген. Сонымен қатар, Федерацияның мәліметінше, тексеріс қорытындысы бойынша бірқатар кадрлық шешімдер қабылданды.
2025 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Федерация әкімшілігінің басшысымен, басқарушы директорымен, заң, операциялық және маркетинг департаменттерінің директорларымен, сондай-ақ қауіпсіздік және интегрити қызметінің басшыларымен еңбек шарттары бұзылды», — деді қадағалаушы органның басшысы.

Оның айтуынша, Федерацияның бірқатар басшы қызметкерлері төменгі лауазымдарға ауыстырылған.

«Қазіргі уақытта Федерация заң бұзушылықтарды жою, қаржылық тәртіпті күшейту және футболды дамытудың жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ұйымдық құрылымды оңтайландыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр», — деп толықтырды Асылов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам