ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңіп алды

04.10.2025, 21:20

Қазақстан Кубогын тарихта үшінші рет жеңіп алды

«Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңіп алды
Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай

Футболдан Қазақстан Кубогының жеңімпазы анықталды. Финалда шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» командалары кездесті.

Матч Қызылордадағы жаңадан ашылңан «Қайсар Арена» стадионында өтті. Кездесуді Швейцариядан келген төреші Свен Вольфенсбергер басқарды.

Алғашқы таймда ойынның басымдығы толығымен «Тобыл» командасының жағында болды. Қостанайлықтар сенімді қорғанып, шабуылда да нәтижелі ойнады. Есепті Асхат Тағыбергеннің айып добынан кейін Николай Сигневич ашты. Біраз уақыт өткен соң Ахмед Эль-Мессаудидің алыстан бағыттаған соққысы бағанаға тиіп, одан қайтқан допты Ислам Чесноков дәл қақпаға енгізді.

Екінші кезеңде «Ордабасы» ойыншылары белсенді шабуылға ұйымдастырды. Бірақ өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Сөйтіп ойын 0:2 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталды. Осылайша, қостанайлықтар Қазақстан Кубогын тарихта үшінші рет жеңіп алды. Ал «Ордабасы» үшін бұл турнирдегі үшінші финалдық жеңіліс болды.

Есеп:
«Ордабасы» — «Тобыл» 0:2 (0:2)
Голдар: Сигневич (19), Чесноков (33).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам