ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Шерхан Қалмырза болашақ қайын атасын «ренжітіп қойды»

05.10.2025, 20:04

Қорытынды есеп — 5:0

Шерхан Қалмырза болашақ қайын атасын «ренжітіп қойды»
Коллаж offside.kz

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 24-турдың ойынында алматылық «Қайрат» өз алаңында талдықорғандық «Жетісумен» кездесті.

Матч Орталық стадионда өтіп, оған тараздық төреші Сәкен Байымбетов бастаған реферилер қызмет етті.

Қонақтар алғашқы минуттардан-ақ қорғанысқа шегініп, шабуылға шыға қоймады. Алматылықтар есепті тоғызыншы минутта ашты. Оң қапталда ойқастап жүрген Александр Мрынский айып алаңында құлап, төреші пенальти белгіледі. Оны Дастан Сәтпаев мүлт кетпей орындады.

Бұдан кейін Жоржиньо бірінші тайм соңына дейін дубль жасап үлгерді — оған нәтижелі пас бергендер Мрынский мен Валерий Громыко. Ал белорус ойыншы келесі сәтте Эдмилсонға да ассист жасады.

Екінші таймда Самат Смақовтың шәкірттері белсендірек ойнағанымен, «Қайрат» басымдығын сақтап, кездесуді ірі есеппен жеңіспен аяқтады. Қорытынды есеп — 5:0.

Енді «Қайраттың» еншісінде 55 ұпай, олар «Астанадан» екі ұпайға алда. Ал «Жетісу» 21 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалды.

Айта кетейік, осы матчта «Қайрат» қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғады. Ол «Жетісу» бапкері Самат Смақовтың күйеу баласы екені айтылып жүр.

Матч нәтижесі:

«Қайрат» — «Жетісу» 5:0 (3:0)

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам