Шерханға эфирге шыға бермеуге кеңес бердім - Самат Смақов

Telegram WhatsApp

Соңында таланттан айырылдық

Instagram
Instagram

Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов «Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза туралы пікір білдіріп, жас ойыншыларды шамадан тыс назардан қорғау керектігін айтты.

«Үлкен ағасы ретінде онымен жиі сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, оған баспасөзбен араласпауға, түрлі телебағдарламаларға қатыспауға кеңес бердім. Шерхан ол әлі өте жас. Мысалы, Еркебұлан Сейдахмет «Уфаға» ауысқан кезде бәрі оны «тұншықтырып» жіберді: «Еркебұлан дәретханаға барды», «Еркебұлан «coco-cola» сатып алды», «Еркебұлан мынаны істеді» деген сияқты жаңалықтар толып кетті. Соңында таланттан айырылдық»

деді Смақов

Бапкердің айтуынша, тым көп назар мен ерте келген атақ жас футболшылардың қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Қазір ең бастысы — балаларға қысым жасамау, керісінше, қолдау көрсету. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мадақтаудың қажеті жоқ. Бір сәтте бүкіл бір буынды жоғалтып алу қаупі бар»

деп қосты ол

Еске сала кетейік, «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза биылғы маусымда алматылықтардың негізгі құрамында дебют жасап, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мадридтік «Реалға» қарсы ойнаған болатын.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 5 228 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 217 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 308
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›