ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Барлық футболшыға берсін»: «Қайраттың» бас бапкері жеке сыйлық беруге қарсы шықты

05.10.2025, 23:15

Уразбахтин ойыншыларды бөліп-жарудың дұрыс емес екенін айтты

«Барлық футболшыға берсін»: «Қайраттың» бас бапкері жеке сыйлық беруге қарсы шықты
ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команда ойыншыларына берілген қымбат сыйлықтар туралы өз пікірін білдірді. Бұл мәлімдеме Премьер-лиганың 24-турындағы «Қайрат» – «Жетісу» (5:0) кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Журналистердің сұрағына жауап берген Уразбахтин соңғы уақытта ел назарында жүрген оқиғаға тоқталды. Әңгіме «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке сыйға берілген қымбат көлік туралы. 

«Әрине, біз кәсіпкерлерге сыйлық беруге тыйым сала алмаймыз. Бірақ мәселенің мәнін дұрыс түсіну керек. Бір ойыншыны бөліп көрсету — бұл дұрыс емес. Футбол — командалық ойын. Егер көмектескісі келсе, жалпы клубқа көмектессін. Ал егер сыйлық бергісі келсе — барлық ойыншыларға берсін. Мен ешкімді үйрете алмаймын, бірақ командалық тұрғыдан алғанда, бір адамды ерекшелеп марапаттау — дұрыс емес шешім. Біздің клубтың ұстанымы да сол — біз бір командамыз. Егер сыйлық берілсе, ол клубқа берілсін. Мысалы, автобус немесе микроавтобус. Менің жеке пікірім — осындай жекелей марапаттау қажет емес», — деді бапкер.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінде өз алаңында Шотландияның «Селтигін» жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған «Қайрат» клубының өкілдерімен Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов кездесіп, Уразбахтинге Hyundai Palisade көлігінің кілтін, пенальти сериясында қарсыластың үш соққысын қайтарып, матчтың қаһарманы атанған Анарбековке Apple Macbook берген. 

Бұған дейін «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза ерекше құрметке ие болды. Оған кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed көлігін сыйға тартқан. Ал Темірлан Анарбековке  Zigi Zagi компаниясы көлік сыйлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам