Ресейлік сарапшылар Бактиер Зайнутдиновті жерден алып жерге салып жатыр

Telegram WhatsApp

Соңғы матчтарда екі қателік жібердім, бұған келісемін

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

«Спартактың» бұрынғы президенті Андрей Червиченко Ресей премьер-лигасының 11-турында өткен «Динамо» мен «Локомотив» арасындағы (3:5) матчта қателік жасаған қазақстандық қорғаушы Бакитер Зайнутдинов туралы пікір білдірді.

«Керемет матч болды, сенбінің кешіне арналған нағыз тартысты ойын. Осындай кездесу ЦСКА мен «Спартак» арасында да болса екен деймін. Бірақ Зайнутдиновтің ойыны құлдырап кетіпті. Тіпті «Динамоның» жеңілісіне себеп болды. Екі гол оның қателігінен соғылды. Нәтиже әділ. Тек бір күмәнді сәт – «Динамо» қақпасына белгіленген пенальти»

деді Червиченко

Ұлттық құрама мүшесі Бақтиер Зайнутдинов та ойыннан кейін өз ойымен бөлісті:

 «Локомотивтің» ұйымдастырған шабуылдарының бәрі голға айналды. Үш голды өзіміз «сыйладық». Бес гол өткізуге болмайды, Мұндайға жол бермеу керек едік. Әрине, соңғы матчтарда екі қателік жібердім, бұған келісемін. Бірақ мені қай позицияға қойса, сол жерде ойнаймын. Ең бастысы – командаға пайда тигізу. Қазір қорғаныста ойынды реттеуіміз керек, бұл бірінші кезектегі мәселе»

деді Зайнутдинов

Ол сондай-ақ «Динамоның» маусымдағы үздік ойыны ретінде осы кездесудің бірінші таймын атады, бірақ әлі де қорғаныста жұмыс істеу қажеттігін мойындады.

Бұл матчтан кейін «Локомотив» 23 ұпай жинап, РПЛ кестесінде көш бастады. Ал «Динамо» 15 ұпаймен сегізінші орында қалды.

Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов 2025 жылдың шілде айында түріктің «Бешікташ» клубынан Мәскеудің «Динамосына» ауысқан болатын.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 5 548 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 227 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 522 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 297 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 309
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›