ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Алаңға шығуға дайын тұрған 22 жастағы футболшы көз жұмды

06.10.2025, 12:51

Ол кенеттен өзін жайсыз сезініп, бірнеше секунд ішінде есінен танып қалған

Алаңға шығуға дайын тұрған 22 жастағы футболшы көз жұмды
әлеуметтік желі

Англия футбол қауымдастығы 22 жастағы футболшы Раман Сидхудың мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабар таратты. Клубтың ресми мәліметінше, талантты жас футболшының жүрегі тоқтап қалған.

Қайғылы жағдай Раман Сидху инклюзивті «Hashtag United» командасының сапында алаңға шығуға дайындалып жатқан сәтте болған. Куәгерлердің айтуынша, ол кенеттен өзін жайсыз сезініп, бірнеше секунд ішінде есінен танып қалған. Дәрігерлер мен құтқарушылар спортшыны аман алып қалу үшін екі сағаттан астам уақыт бойы күрескенімен, өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

«Барлық қажетті көмек көрсетілді, бірақ Раманды құтқарып қалу мүмкін болмады. Біз марқұмның отбасына, командаластарына және оны таныған барша жанға шын жүректен көңіл айтамыз», — делінген клубтың ресми хабарламасында.

«Hashtag United» – ағылшын футболындағы ерекше жоба. Клуб 2016 жылы танымал блогер және YouTube контент-мейкер Спенсер Оуэннің бастамасымен құрылған. Алғашында әлеуметтік желіде футболды жаңа форматта насихаттаған команда уақыт өте келе Англияның ресми футбол жүйесіне енді.

Қазіргі таңда клуб инклюзивтілік пен әлеуметтік жауапкершілікке ерекше назар аударады. Команда құрамында түрлі ерекшелігі бар ойыншылар өнер көрсетіп, футбол арқылы қоғамдағы тең мүмкіндіктер идеясын насихаттап келеді.

Клубтың негізін қалаушы Спенсер Оуэн жас футболшымен қоштасу рәсімін өзі өткізді. Әлеуметтік желілерде мыңдаған жанкүйер Раманның отбасына көңіл айтып, оның еңбекқорлығы мен адамгершілігін еске алды. «Hashtag United» келесі ойынды Раман Сидхудың рухына арнайтынын хабарлады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам