
Тұяқбаев клуб скауттарының көзіне УЕФА-ның жасөспірімдер лигасы асында аясында «Спортинг» қақпасына екі бірдей гол соғып (2:3) түсті
Англиялық футбол сарапшысы Гленн Уоткин «Қайраттың» 18 жастағы жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаевқа қызығушылық танытқан Англияның «Ковентри Сити» клубына қатысты пікір білдірді.
«Азаматтың ойыны шынымен де әсерлі. Аяғына доп тигенде, сасқалақтамайды – бұл үлкен артықшылық, сондықтан клубтың назар аударуы заңдылық. Әзірге Тұяқбаевтың ойынында шикілік бар, бірақ «Спортингке» қарсы дублі мен «Реалға» қарсы жанкешті ойыны оның әлеуеті зор екенін аңғартады. Техникалық тұрғыда жақсы, жылдам және шабуылдың соңғы бөлігінде тәуекел етуден қорықпайды», - деді Уоткин.
Сарапшының айтуынша, Чемпионшип деңгейі жас ойыншы үшін үлкен сынақ болар еді:
«Бұл лигада жүктеме мен талап мүлде бөлек. Бірақ бапкердің қолдауы мен тұрақты ойын тәжірибесі болса, Тұяқбаев тез үйренісіп кетеді. Оның ойыны түсінікті, шешім қабылдауы батыл – бұл ағылшын футболында өте маңызды қасиет. Әзірге негізгі құрам туралы айтуға ерте, бірақ болашақта бәрі де мүмкін», - деп толықтырды маман.
Айта кетейік, «Ковентри Сити» тізгінін ағылшын футболының аңызы Фрэнк Лэмпард ұстаған.
Тұяқбаев клуб скауттарының көзіне УЕФА-ның жасөспірімдер лигасы асында аясында «Спортинг» қақпасына екі бірдей гол соғып (2:3) түсті.