Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Қазақстан ФИФА рейтингінде көрсеткішін жақсартты

17.10.2025, 17:53

Қазақстандықтар 115-орынға көтерілді

Қазақстан ФИФА рейтингінде көрсеткішін жақсартты
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі сәтті ойындардың арқасында ФИФА рейтингісінде үш сатыға жоғарылады.

ФИФА-ның ресми сайтында жарияланған жаңартылған тізімге сәйкес, қазақстандықтар 115-орынға көтерілді. Бұл – соңғы айлардағы ең айқын прогресс, ел құрамасының тұрақты дамуын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Ұлттық құрама алғашында Лихтенштейнді өз алаңында 4:0 есебімен жеңіп, кейін Солтүстік Македониямен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті. Осы көрсеткіштердің арқасында Қазақстан құрамасы енді Ливия мен Намибияның арасындағы позицияға жайғасты.

Жаңартылған рейтингтің жоғарғы бөлігінде Испания көш басын сақтап қалды. Аргентина екінші орынға көтеріліп, Францияны үшінші орынға ығыстырды. Ал үздік ондыққа Германия қайта оралып, Хорватияны артта қалдырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам