
Өзбек маманының келесі аялдамасы Индонезия құрамасы болуы мүмкін
Жақында Өзбекстан құрамасының тізгінін италиялық маман Фабио Каннаваро ұстады. Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Тимур Кападзе оған жергілікті футболға бейімделуге көмектесіп жүр.
Алайда белгілі болғандай, италиялық бапкер толық бейімделгеннен кейін Кападзе ұлттық құрамадан кетуі ықтимал. Өзбек маманының келесі аялдамасы Индонезия құрамасы болуы мүмкін.
Кападзе спорттық БАҚ-қа берген сұхбатында әзірге ресми ұсыныс алмағанын айтқанымен, индонезиялық жанкүйерлер Instagram арқылы оны ұлттық құраманың бас бапкері болуға шақырып жатқанын жеткізді.
Маманның айтуынша, Индонезия құрамасының құрамы мықты, әрі елде футболға деген қызығушылық жоғары.
Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын ғана Өзбекстан ұлттық құрамасы Уругваймен өткен жолдастық кездесуде 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Матч Малайзиядағы бейтарап алаңда өтті.
Өзбекстан құрамасының тізгінін ол 6 қазанда қолына алды. 9 қазанда Кувейтке қарсы ойында дебютін өткізіп, Ташкенттегі матчта 2:0 есебімен жеңді.