
Оның нарықтағы құны 35 миллион еуро деп бағаланған
Transfermarkt ағылшын премьер-лигасында (АПЛ) ойнайтын посткеңестік елдердің ең қымбат футболшыларының рейтингін жариялады.
Тізімнің көшін Өзбекстан құрамасының және «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Абдукодир Хусанов бастады — оның нарықтағы құны 35 миллион еуро деп бағаланған. Екінші орында — «Ливерпуль» қақпашысы, грузин футболшысы Георгий Мамардашвили, оның құны — 28 миллион еуро. Үшінші сатыда 26 жастағы «Эвертон» орталық қорғаушысы Виталий Миколенко, ол 25 миллион еуроға бағаланған.
Айта кетейік, «Челси» командасының украиналық жартылай қорғаушысы Михаил Мудрикке жаңартылған тізімде баға қойылған жоқ.
Толық рейтинг мынадай:
1. Абдуқодир Хусанов («Манчестер Сити») — 35 млн еуро
2. Георгий Мамардашвили («Ливерпуль») — 28 млн еуро
3. Виталий Миколенко («Эвертон») — 25 млн еуро
4. Егор Ярмолюк («Брентфорд») — 20 млн еуро
5. Александр Зинченко («Арсенал») — 18 млн еуро
6. Михаил Мудрик («Челси») — бағасы белгісіз
Еске салайық, 20 жастағы өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» биыл қаңтарда франциялық «Ланстан» ауысты. Оны ағылшындар 40 млн еуроға сатып алды.