Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Жанкүйерлер Дастан Сатпаевты Англияның аңызына теңеді

Бүгін, 12:29

Сәтпаев 2026 жылы ресми түрде «Челси» сапына қосылады

Жанкүйерлер Дастан Сатпаевты Англияның аңызына теңеді
әлеуметтік желі

«Челси» клубының жалға берілген ойыншыларының ойынын қадағалайтын Chelsea Loan Army атты Х (бұрынғы Twitter) парақшасы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Қызылжар» қақпасына соққан голына тәнті болды.

17 жастағы футболшы КПЛ-ның 25-турындағы кездесуде гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

«Дастан Сәтпаев тағы бір керемет гол соқты. Оның бойынан Майкл Оуэннің стилін көремін», - деп жазған Chelsea Loan Army футболшының гол соққан сәтінің видеосын жариялады.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2026 жылы 18 жасқа толған соң ресми түрде «Челси» сапына қосылады. Қазір ол «Қайрат» клубында жалға ойнап жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам