Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Талғат Байсуфиновтың құрамадағы тағдыры белгілі болды

19.10.2025, 20:58

Талғат Байсуфинов Әли Әлиевтің орнына уақытша тағайындалған

Талғат Байсуфиновтың құрамадағы тағдыры белгілі болды
ҚФФ

Қазақстан футбол одағының бұрынғы вице-президенті Тілекбек Ақпаев ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың болашағына қатысты пікір білдірді.

«Қазір кадрлық шешімдерді талқылайтын уақыт емес. Талғат Байсуфинов осы іріктеу циклін соңына дейін аяқтасын. Егер Бельгиямен ойында Қазақстан ірі есеппен жеңілсе, қайтадан бәрі бапкер мен федерацияны сынай бастайды. Қазір ең бастысы, ойынға назар аудару, құрамды дұрыс жасақтау және жас футболшылардың өзін қалай көрсететінін бақылау. Шұғыл шешім қабылдап, асығыс әрекет етуге болмайды», - деді Ақпаев.

Еске сала кетейік, Талғат Байсуфинов 2025 жылдың 9 қазанында қызметінен кеткен Әли Әлиевтің орнына ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

Оның басшылығымен команда екі ойын өткізді:
•    Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата ұтты,
•    Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті.

Ақпаевтың айтуынша, дәл қазір құраманың тұрақтылығы мен ойын сапасын арттыру маңыздырақ, ал бапкердің тағдыры туралы сөз кейінірек қозғалғаны дұрыс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам