Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Бахтиер Зайнутдинов тағы жарақат алып қалды

20.10.2025, 10:45

Сол себепті оны 46-минутта ауыстыруға тура келді

Бахтиер Зайнутдинов тағы жарақат алып қалды
видеодан скрин

Мәскеудің «Динамо» клубының бас бапкері Валерий Карпин Ресей премьер-лигасының 12-туры аясында «Ахматқа» қарсы өткен ойында (2:2) қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновті не себепті ерте алмастырғанын түсіндірді.

«Зайнутдинов шат бұлшықеттерінің тұсында ауырсыну сезінді. Сол себепті оны 46-минутта ауыстыруға тура келді», – деді Карпин.

Клубтың бас дәрігері Александр Родионов та қазақстандық футболшының жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Ойын кезінде Бахтиердің ішкі жамбас бұлшықеті ауырған, сондықтан ол өзі алмастыруды өтінді. Қазір жағдайы дұрыс. Алдағы тексерістен соң бәрі белгілі болады», – деді дәрігер.

27 жастағы Зайнутдинов биылғы маусымда Ресей премьер-лигасында сегіз кездесу өткізіп, екі рет Фонбет Ресей кубогында алаңға шыққан. Алайда әзірге гол не нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.

Қазіргі таңда «Динамо» 16 ұпай жинап, премьер-лиганың турнир кестесінде сегізінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам