
21 жастағы Харли Пирс ауыл шаруашылығы компаниясын басқарған
Англия ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы әрі бапкері Стюарт Пирстің ұлы – Харли Пирс 21 жасында жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы BBC агенттігі мәлімдеді.
Полиция мәліметінше, апат Англияның Глостершир графтығында болған.
21 жастағы Харли Пирс ауыл шаруашылығы компаниясын басқарған. Daily Mail басылымының дерегінше, апатқа жарылған дөңгелек себеп болуы мүмкін. Ол тракторды басқара алмай қалып, апатқа ұшыраған, өкінішке қарай, оқиға орнында қаза тапқан.
Айта кетсек, Стюарт Пирс 1987-1999 жылдары Англия құрамасы сапында 78 матчқа шыққан. Клубтық деңгейде ол «Ноттингем Форест», «Вест Хэм», «Ньюкасл» және «Манчестер Сити» командаларында ойнаған. Кейінірек Англияның жастар және Олимпиада құрамасын жаттықтырған, сондай-ақ 2012 жылы ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарған.