Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Отбасынан ақша талап етті». Жас қақпашыны ұрлап, өлтіріп кетті

Бүгін, 09:37

Қарулы топ Шейкті ұрлап, оның отбасысынан ақша талап еткен

«Отбасынан ақша талап етті». Жас қақпашыны ұрлап, өлтіріп кетті
әлеуметтік желі

Сенегалдың «Esprit Foot Yeumbeul» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шейк Туре Ганада өзін ұрлап кеткен адамдардың қолынан қаза тапты. Бұл туралы The Sun басылымы мәлімдеді. 

Сенегалдың Африкалық интеграция және сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, жас спортшының мәйіті Гана аумағынан табылған. Шейк Туре – «Esprit Foot Yeumbeul» академиясының тәрбиеленушісі. Ол алаяқтардың кәсіби клубтың қаралымынан өту мүмкіндігі туралы ұсынысына алданып қалып, қылмыскерлердің торына түскен.

Белгілі болғандай, қарулы топ Шейкті ұрлап, оның отбасысынан ақша талап еткен. Жақындарының күш-жігеріне қарамастан, қаскөйлер жас қақпашыны өлтірген. Қазір Сенегал билігі мен Гана полициясы бірлесіп тергеу жүргізіп жатыр. Министрлік өкілі марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтып, қаскөйлердің жеке басы анықталатынын айтып сендірді.

Сонымен қатар билік өкілдері футбол клубтарына, бапкерлер мен ата-аналарға шетелге сынаққа шақыру немесе трансфер туралы тексерілмеген ұсыныстардан сақ болуға кеңес берді. Ресми органдар тек ресми арналар арқылы әрекет етуге және спорттық ұйымдармен кеңесуге шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам