Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Қайрат» – «Астана» матчының билеттері сатылымға шықты

23.10.2025, 12:06

Қазір турнир кестесінде «Қайрат» 58 ұпаймен бірінші орында тұр

«Қайрат» – «Астана» матчының билеттері сатылымға шықты
kazfootball.kz

26 қазанда Алматының Орталық стадионында маусымның шешуші кездесуі өтеді — «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойын Қазақстан футболының 2025 жылғы чемпионын анықтайды. 

Қазір турнир кестесінде «Қайрат» 58 ұпаймен бірінші орында, ал «Астана» екі ұпайға артта келеді. Сондықтан алдағы кездесу клубтардың чемпиондық тағдырын айқындайтын тартысты ойын болмақ.

Билеттер сатылымы 22 қазан күні басталды. Бағалар келесідей:

  • Солтүстік және оңтүстік трибуналар — 1500 теңге

  • Шығыс трибуна (2-санат) — 3000 теңге

  • Шығыс трибуна (1-санат) — 3500 теңге

  • Батыс трибуна — 5000 теңге

Орталық стадион 23 мың жанкүйерге арналған. Сатылым басталған сәтте-ақ 10 мыңнан астам адам электронды кезекте тұрған. Бір адамға тек екі билет сатып алуға рұқсат етіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам