Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Футболдан әлем чемпионатының алғашқы билеттеріне арналған ұтыс ойыны басталады

25.10.2025, 17:08

Әлем чемпионатының билеттеріне алдына ала тіркелу науқаны басталды

Футболдан әлем чемпионатының алғашқы билеттеріне арналған ұтыс ойыны басталады
Сергей Бобылев/ТАСС

Футболдан алдағы әлем чемпионатының билеттеріне алдына ала тіркелу науқаны басталды.

2025 жылдың 27 қазанынан бастап әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол жанкүйерлері FIFA-ның ресми сайтында тіркеліп, 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы билеттерін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тіркелу процесін 31 қазанға дейін аяқтау қажет. Ал алғашқы билеттерді сатып алу құқығына арналған бұл ұтыс ойынына қатысу - тегін.

Айта кетейік, билеттерге ерте тіркелу жүйесі - сатылым басталғанға дейін билеттерді кімнің бірінші сатып алатынын анықтайтын арнайы тәсіл. Бұл жүйе сұранысы жоғары матчтарда (мысалы, ашылу ойыны, финал немесе алаң қожайындарының кездесулері) әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Осылайша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер АҚШ, Мексика және Канада аумағында өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысып, тартысты кездесулерді өз көзімен көру мүмкіндігіне ие бола алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам