Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Ямальдің әкесі «Реал» ойыншыларын тағы келеке етті

27.10.2025, 11:12

Мунир Насрауи: Жолдарың болды, себебі ол әлі небәрі 18-ақ жаста

Ямальдің әкесі «Реал» ойыншыларын тағы келеке етті
instagram.com/hustle_hurd_304

«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямальдің әкесі Мунир Насрауи Ла Лиганың 10-турында каталониялықтардың «Реалдан» (1:2) жеңілісінен соң әлеуметтік желіде пікір білдірді.

Насрауи өз жазбасында жанкүйерлер мен қарсылас тарапқа былай деп үн қатқан:

«Жолдарың болды, себебі ол әлі небәрі 18-ақ жаста. Енді «Барселонада» жолығамыз».

Бір қызығы, Эль-Класико басталардан бір сағат бұрын да Ямальдің әкесі әзіл-қалжың аралас аспаздық стрим өткізіп, оны:

«Мен осында қабырға қуырып жатырмын, ал ұлым сол жақта оларды қуырып жатыр», - деп атаған.

Ойыннан кейін «Реал» турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайтты, олардың еншісінде 27 ұпай бар. Ал «Барселона» 22 ұпаймен екінші орында қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам