Қарашадағы кеңейтілген тізімде қорғаушының аты мүлде аталмады
Әлеуметтік желідегі үлкен резонанстан кейін ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қорғаушы Дінмұхаммед Қашкенді қараша айында өтетін ойындарға арналған кеңейтілген құрамға қоспады.
Байсуфинов 38 ойыншының тізімін жариялағанымен, Қашкеннің аты бұл жолы шақыртылғандар қатарында болған жоқ.
Бұған дейін футбол жанкүйерлері мен сарапшылар арасында Қашкеннің қазан айындағы матчтарға шақырылуы үлкен пікірталас тудырған еді. 7 қазан күні ол Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға шақырылған болатын.
Алайда футболшының соңғы уақытта спорттық бабында болмауы сынға ұшырады. Соңғы екі айда ол небәрі бірнеше матчқа қатысып, жалпы 776 минут ғана алаңда болды. Биылғы маусымда Қашкен барлығы 13 ойынға шыққан.
Қарашадағы кеңейтілген тізімде қорғаушының аты мүлде аталмады.
Қазақстан құрамасы қараша айында екі матч өткізеді:
• 15 қараша – 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы үйде өтетін ойын;
• 18 қараша – Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу, матч Хорватияда өтеді.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.
Байсуфинов жариялаған кеңейтілген тізім
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»).
Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бақыт Қайыров, Талғат Құсайыпов (бәрі – «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жағоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Аширбек («Оқжетпес»).
Жартылай қорғаушылар:
Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Ерсұлтан Қалдыбеков («Қайсар»), Серікжан Мужиков, Даурен Жұмат (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Караман (екеуі де – «Женіс»), Рамазан Оразов, Жан-Әлі Пайруз, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).
Шабуылшылар:
Оралхан Өміртаев, Артур Шушеначев (екеуі де – «Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Каримов («Астана»).
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 15 қараша күні Астанада Бельгияға қарсы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчын өткізеді. Ал 18 қарашада команда Хорватияда Фарер аралдарымен жолдастық кездесуге шығады.