Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Елімай» Конференция лигасының алғашқы ойынын Семейде қабылдауға дайын – Асқар Ұранхаев

Бүгін, 09:14

Стадионды сертификаттау жұмыстары үш жылдан бері жүргізіліп келеді

«Елімай» Конференция лигасының алғашқы ойынын Семейде қабылдауға дайын – Асқар Ұранхаев
"Елімай" клубының баспасөз қызметі

«Елімай» футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Ұранхаев Семей қаласының Конференция лигасы ойындарын өткізуге дайындығы мен соңғы жылдары жергілікті стадионда атқарылған ауқымды жұмыстар туралы айтып берді.

«Біз Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңін Семейде қабылдаймыз. Стадионды сертификаттау жұмыстары үш жылдан бері жүргізіліп келеді және әлі де жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде стадионның ішкі бөлмелері толық жөнделді, жаңа электронды табло орнатылды, заманауи LED-бордтар қойылды. Трибунадағы орындар саны еурокубок талаптарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, жанкүйерлердің ыңғайлы кіруі үшін бірнеше көше арқылы кіреберіс жолдар мен қақпалар жасалды, автотұрақтар кеңейтілді. Барлық қажетті нысандар – киім ауыстыру бөлмелері, медиа-аймақ және басқа да инфрақұрылым халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуде», – деді Ұранхаев.

Клуб өкілінің айтуынша, Семейдегі футбол алаңы табиғи көгалдан тұрады және оның сапасына күмән жоқ. Газонды күтіп-баптау жүйесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған, ал келесі маусымға дейін оны одан әрі жақсарту жоспарда бар.

«Біз өз облыс тұрғындарынан және әкім Берік Уәлиден үлкен қолдау алдық. Енді клуб басшылығы ретінде біз бар күшімізді салып, еурокубок ойындарын өз жерімізде – Семейде қабылдауға барынша дайын боламыз», – деді Асқар Ұранхаев.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам