Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында төртінші орында тұр

Бүгін, 01:36

Ұлттық құрама қоржынында 50 медаль бар

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында төртінші орында тұр
ҰОК

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты.

Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында 50 медаль бар: оның ішінде 12 алтын, 15 күміс және 23 қола жүлде.

Жалпы есепте Қытай құрамасы көш бастап тұр – олар 101 медаль иеленді (48 алтын, 35 күміс, 18 қола). Екінші орында Өзбекстан құрамасы – 41 медаль (19 алтын, 5 күміс, 17 қола). Үшінші сатыда Таиланд – 34 медаль (13 алтын, 13 күміс, 8 қола).

Қазақстан спортшылары әзірге төртінші орында келе жатқанымен, жарыс әлі жалғасуда және ұлттық құраманың қоржынына жаңа жүлделер түсуі әбден мүмкін.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам