ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Матчты біреудің сатқаны анықталса...»: «Ақтөбе» капитаны «Астанаға» қарсы ойыннан күдіктеніп жүргенін айтты

30.10.2025, 15:35

«Астана» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, 5:3 есебімен жеңіске жеткен

«Матчты біреудің сатқаны анықталса...»: «Ақтөбе» капитаны «Астанаға» қарсы ойыннан күдіктеніп жүргенін айтты
kazfootball.kz

19 қазан күні өткен Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Астана» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, тартысты өткен кездесуде 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Алайда ойыннан кейін түрлі қауесет тарап, кейбір жанкүйерлер ақтөбелік футболшылардың қарсыласқа әдейі есе жібергенін айтып, әлеуметтік желіде дау туғызды. Күдік команда капитаны Әлібек Қасымға да бағытталды.

Осыған байланысты капитан өзі пікір білдіріп, жағдайға нүкте қойды:

"Маған жіберген голдарымыз өте біртүрлі көрінді. Қалайша бұлай қақпаға доп өткізіп жатқанымыз ақылыма сыймады. Осыдан кейін қақпашыға өз ойымды айттым. Ал ол маған агрессия танытты. Бұл жағдай ұнаған жоқ, сондықтан мәселені киім ауыстыратын бөлмеде талқылауды ұйғардым. Қақпашыға: “Қазір жанжалдаспай-ақ қояйық, киім ауыстыратын бөлмеде сөйлесеміз” — дедім", — дейді Әлібек Қасым.

Сондай-ақ, футболшы матч барысында болған кейбір жайттар күдік тудырғанын және ойыннан кейін көптеген қоңыраулар түскенін айтты.

"Бірақ, бәрібір осы ойыннан кейін екіойлы болып жүрмін. Өйткені матчтан кейін түрлі қоңыраулар шалынды, тіпті кейбір футболшылардан да күдіктеніп жатырмын. Бұл — қызық ойын болып қалды. Матчтан кейін бәрі анықталса екен деймін. Жалпы, осы жылы кіммен командалас болғанымды, қандай адамдармен бірге футбол ойнағанымды білгім келеді. Егер матчты біреудің сатқаны анықталса, мейлі қазақстандық болсын, мейлі легионер болсын — онда жігітше сөйлесеміз деп келістік", — деді Әлібек Қасым "AmanVibe" YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам