Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Әйгілі «Маракана» стадионы сатылады

29.10.2025, 18:14

Стадион 1950 жылғы әлем чемпионатына арнайы салынған

Әйгілі «Маракана» стадионы сатылады
Getty images

Рио-де-Жанейро билігі әйгілі «Маракана» стадионын сату туралы шешім қабылдады.

Штаттың заң шығару ассамблеясы үкіметке тиесілі 62 нысанды, соның ішінде аты аңызға айналған «Маракананы» да сатуға рұқсат беретін жобаны мақұлдады. Мұндай қадамның басты мақсаты – стадионды ұстауға кететін шығындарды азайтып, қазіргі таңда 1,89 млрд еуроға жеткен өңірлік қарызды азайту.

1950 жылғы әлем чемпионатына арнайы салынған «Маракана» сол кезде әлемдегі ең үлкен футбол аренасы саналған. Сол турнирдің финалында Бразилия құрамасы Уругвайдан 1:2 есебімен ұтылып, тарихтағы ең ауыр жеңілістерінің бірін бастан өткерген еді. Ресми дерек бойынша, сол ойында 173 850 билет сатылған – бұл футбол тарихындағы рекордтық көрермен.

Бүгінде «Маракана» – «Фламенго» мен «Флуминенсе» клубтарының үйдегі стадионы. Мұнда Бразилия құрамасы да жиі ойын өткізеді. Дәл осы аренада 2014 жылғы әлем чемпионатының финалы (Германия – Аргентина, 1:0) және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалы (Бразилия – Германия, 1:1, пенальти – 5:4) өткен.

Кейінгі жылдары жүргізілген бірнеше реконструкциядан соң стадионның сыйымдылығы азайғанымен, 2025 жылдағы көрсеткіш бойынша ол 78 мыңнан астам көрерменді қабылдай алады. Осылайша, «Маракана» қазіргі таңда Оңтүстік Америкадағы ең үлкен ареналардың бірі, ол көлемі жағынан Мехикодағы «Ацтека» мен Лимадағы «Монументальдан» кейінгі үшінші орында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам