ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Қайрат» қақпашы Александр Заруцкиймен қоштаса ма?

30.10.2025, 16:46

Қайрат Боранбаев бұл ақпаратты теріске шығарды

«Қайрат» қақпашы Александр Заруцкиймен қоштаса ма?
ФК "Қайрат"

Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарында алматылық «Қайраттың» қақпашысы Александр Заруцкий клубтан кетеді деген ақпарат тараған еді. Алайда клуб басшылығы бұл мәліметті жоққа шығарып, ресми мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Telegram-дағы AmanVIBE арнасы Заруцкий «Қайратпен» келісімшартын ұзартпайды деген хабар таратқан. Аталған ақпаратты бірқатар ірі спорттық басылымдар да жариялаған болатын.

Алайда футболшының өзі Instagram желісіндегі stories бөлімінде бұл қауесетке жауап берді:

«Хайп үшін адамдар бәріне барады, тіпті жалған ақпарат таратуға да. Хайп абыройдан маңызды болған сәт...» – деп жазды Александр Заруцкий.

Сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев та бұл ақпаратты теріске шығарды. Ол Threads парақшасында:

«Бұл шындыққа жанаспайды. Сенбеңіздер. Александр командамен бірге Чемпиондар лигасы ойындарына дайындалып жатыр. Ешқандай келісімшартты бұзу мәселесі талқыланған жоқ», – деді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам