ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Орыс тілін меңгерген болуы тиіс»: Виктор Кумыков ұлттық құраманы кім баптауы керектігін айтты

01.11.2025, 21:27

Ұлттық құрама тізгінін уақытша Талғат Байсуфинов уақытша алды

«Орыс тілін меңгерген болуы тиіс»: Виктор Кумыков ұлттық құраманы кім баптауы керектігін айтты
KFF

Қызылордалық «Қайсар» командасының бас бапкері Виктор Кумыков Қазақстан ұлттық құрамасын кім баптауы керек деген сауалға қатысты пікір білдірді.

«Жаңа бапкер шетелден бола ма, әлде қазақстандық бола ма, ол жағын білмеймін. Бірақ ол ең кемі орыс тілін меңгерген, әрі қазақ тілін түсінетін маман болуы тиіс. Бұл - міндетті талап. Екі тілдің кемінде біреуін жақсы білуі қажет. Бапкер екі тілді де білмесе не болатынын өзіңіз елестетіп көріңізші. Қазақстанда бәрі қазақ және орыс тілдерін түсінеді, сондықтан бапкердің ойыншылармен аудармашысыз, тікелей сөйлесе алуы өте маңызды», - деді Кумыков.

Ұлттық құрама тізгінін уақытша Талғат Байсуфинов уақытша алды. Ол бұл қызметке Әли Әлиев қызметінен кеткеннен кейін тағайындалған.

Байсуфиновтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі кездесу өткізді:

– Лихтенштейнді өз алаңында 4:0 есебімен жеңді,
– Солтүстік Македониямен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам