ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Мбаппе Роналдуды басып озып, Ла Лига тарихына енді

02.11.2025, 12:21

Ол Ла Лигадағы алғашқы 45 матчында 44 гол соққан

Мбаппе Роналдуды басып озып, Ла Лига тарихына енді
Getty images

«Реалдың» франциялық жұлдызы Килиан Мбаппе Испаниядағы нәтижелі ойынымен жанкүйерлерін тамсандырып келеді.

Ла Лиганың 11-туры аясында өткен «Валенсияға» қарсы ойында (4:0) Мбаппе дубль авторы атанып, 19-шы және 31-минуттарда көзге түсті.

Осылайша, ол Ла Лигадағы алғашқы 45 матчында 44 гол соғып, әйгілі Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты. Португалия футболшысы дәл осындай ойын санында 43 гол салған болатын.

Дереккөз мәліметінше, мұндай көрсеткішті Испания чемпионатында Ференц Пушкаштан бері ешкім қайталамаған - венгриялық шабуылшы алғашқы 44 ойында 44 гол соққан.

Еске сала кетейік, Килиан Мбаппе 2024 жылдың жазында ПСЖ клубынан «Реалға» ауысып, 2029 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойған.

Биылғы маусымда ол мадридтік клуб сапында барлық турнирде 14 ойын өткізіп, 18 гол соғып және 2 нәтижелі пас берген.

Қазір «Реал» 30 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал 9 қарашада Хаби Алонсоның шәкірттері сырт алаңда «Райо Вальеканоммен» кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам