ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Еуропаға барамын деген Ислам Чесноковтың жолы кесілгелі тұр

03.11.2025, 21:02

Чесноковты клубтың бас бапкерінің ауысқаны алаңдатып отыр.

Еуропаға барамын деген Ислам Чесноковтың жолы кесілгелі тұр
Фото: instagram.com/chesnokov46

Еркін агент атанған Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауыспауы мүмкін.

Бұған дейін «Хартс» басшылығы қазақстандық ойыншымен келісімге келгенін және оның желтоқсан айында Шотландияға келіп, ал 2026 жылдың қаңтарында клуб сапында дебют жасайтынын мәлімдеген болатын.

Дегенмен келісім іске аспай қалуы мүмкін және бұған бірнеше себеп бар. Бейресми деректерге сүйенсек, Чесноковты клубтың бас бапкерінің ауысқаны алаңдатып отыр. Биыл мамыр айында «Хартстың» бас бапкері Нейл Критчли қызметінен кеткен. Ал дәл осы Критчли қазақстандық футболшыны өз командасына қосуға мүдделі болып еді. Қазір команданы Дерек Макиннес басқарып отыр.

Сонымен қатар Чесноковқа отандық клубтардан, соның ішінде «Тобылдан» да тиімді ұсыныстар түскені айтылуда.

Футболшының агенті Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында:

«Қазіргі таңда «Хартспен» ешқандай келісімшартқа қол қойылған жоқ. Сондықтан әзірге бұл мәселені талқылауға дайын емеспін», - деп қысқа жауап берген.

Айта кетейік, «Хартс» қазір Шотландия чемпионатында бірінші орында тұр - команда еншісінде 29 ұпай бар. Екінші орынға 20 ұпаймен «Селтик» жайғасты.

Ислам Чесноков соңғы үш маусымды «Тобыл» сапында өткізді. Ол костанайлық клубпен бірге екі мәрте Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, ал 2024 жылы Премьер-лиганың үздік сұрмергені атанды. Жалпы, Чесноков «Тобыл» құрамында 92 матчта 29 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам