9 қыркүйекте Үкімет басшысы Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырған
                4 қараша күні, 10:00-де Үкімет отырысы өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасайды.
Министрдің баяндамасының тақырыбы – спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау.
Естеріңізде болса, 9 қыркүйекте Үкімет басшысы Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырған.
«Туризм және спорт министрлігіне өңірлермен бірлесіп, биылғы жылдың 1 қазанына дейін футбол клубтарын жекешелендіру бойынша жоспар-кесте әзірлеу тапсырылды», - деп жазылған Үкіметтің telegram-каналында.
Одан бері екі айға жуық өтті. Әзірге Қазақстан клубтары толықтай жекеменшікке өте қойған жоқ. Тек бірер күн бұрын Қызылорданың «Қайсар» клубы ғана жеке кәсіпкерге берілгені айтылды. Ал қалған клубтар ауызша айтылғанымен, бизнесмендер әзірге ала қойған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіби спортты тек әлеуметтік құбылыс ретінде ғана емес, көптеген елдерде қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастыру қажеттігін атап өткен болатын.