Кассациялық азаматтық сот кезінде судья Әли Әлиевтің пайдасына шешім шығарды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев қызылжарлық «Қызылжар» футбол клубына қарсы қозғалған істі сотта жеңіске жетті.
Кассациялық азаматтық сот кезінде судья Әли Әлиевтің пайдасына шешім шығарып, «Қызылжар СК» клубының бұрынғы бас бапкерге қатысты талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Естеріңізде болса, бұл дау 2024 жылдың соңында клуб басшылығы ауысқаннан кейін басталған болатын. Әли Әлиев 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін «Қызылжардың» бас бапкері қызметін атқарғаны көпшілікке белгілі. Келісімшарт бойынша оның айлық табысы 6,5 миллион теңге болса, жарты жылдан соң жасалған жаңа келісім бойынша аталған сома 10 миллион теңгеге дейін көтерілген.
Бұған дейін қалалық және облыстық соттар клубтың пайдасына шешім шығарған еді. Алайда кассациялық сот бұл үкімдерді күшін жойып, жаңа шешімді бапкердің пайдасына шешіп отыр.
«Петропавл қаласының №2 сотының 2025 жылдың 4 сәуірдегі және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы шешімдерінің күші жойылсын. «Қызылжар СК» ЖШС-нің еңбек шартының заңсыз екенін тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылсын. Кассациялық шағым қанағаттандырылсын», - деп жазылған ресми ақпаратта.