ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Бекболат Тілеухан көлік сыйлаған балуан Ресейде күрес мектебін ашты

12.11.2025, 15:49

Ендігі ретте ол «Чемпиондар жүрегі» («Сердца чемпионов») атты спорт клубының жұмысын Қызыл қаласында жүргізеді. 

Бекболат Тілеухан көлік сыйлаған балуан Ресейде күрес мектебін ашты
әлеуметтік желі

Еркін күрестен Қазақстан атынан Токио Олимпиадасында қола жүлде алған тувалық балуан Нұрислам Санаев Ресейде балаларға арналған спорт клубын ашты. 

Өткен жылы үлкен спорттағы жолын ресми түрле аяқтағанын айтқан ол енді жеке мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеуге ден қоймақ. Ендігі ретте ол «Чемпиондар жүрегі» («Сердца чемпионов») атты спорт клубының жұмысын Қызыл қаласында жүргізеді. 

Нұрислам Санаев есімімен күрескен балуанның шын есімі – Артас Саана. Ол 2018-2019 жылдары әлем чемпионатында күміс және қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 2018 жылы Азия чемпионы атанған. 2014 жылдан бастап Қазақстан атынан күресіп, Ақтөбе облысының өкілі болып тіркелді. 

Ол Токио Олимпадасына басты фавориттердің бірі болып барған еді. Алайда финалға шығар жолда айқын басымдықпен ұтып жатқанына қарамастан, үндістандық балуаннан оңбай ұтылды. Ал қола жүлде үшін күресте өз мүмкіндігін мүлт жібермей үздік үштікке енді. 

Балуан Токиодан қола жүлдемен оралғанда әуежайдан Мұхамеджан Тазабек бастаған танымал тұлғалар күтіп алып, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның атынан оған қымбат «BMW» көлігі сыйға берілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам