ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Шерхан Қалмырза қақпасына гол жібермей, Қазақстанға күтпеген жеңісті сыйлады

13.11.2025, 08:40

Кездесудің жалғыз және жеңіс голын команда капитаны Азамат Тұяқбаев 56-минутта соқты

Шерхан Қалмырза қақпасына гол жібермей, Қазақстанға күтпеген жеңісті сыйлады
Фото: IMAGO/Maciej Rogowski/ТАС

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Ирландия құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

Кездесудің жалғыз және жеңіс голын команда капитаны Азамат Тұяқбаев 56-минутта соқты. Матч соңында 90-минутта Кәрім Махаметжан қызыл қағаз алып, қазақстандықтар он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, жас футболшылар есепті сақтап, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Бұл жеңіс – күтпеген нәтиже, өйткені Ирландия осы матчтың айқын фавориті саналған еді.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Шерхан Қалмырза (қақпашы), Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Абзал Сағын, Әкежан Қалиқұлов, Мұхамедәлі Әбіш, Әли Ақылбаев, Евгений Петрик, Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (капитан), Мансұр Бірқұрманов.

Бірінші топтағы ойындар Нидерландта өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы енді екі ойын өткізеді.

  • 15 қарашада – Нидерландқа қарсы,
  • 18 қарашада –  Кипрге қарсы өткізеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам