ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Александр Овечкиннің тұмсығын бұзып, тісін сындырды (ФОТО)

Әлемнің ең үздік сұрмергені бұл матчта гол соға алмады

Andrew Mordzynski / Contributor / Getty Images Sport
Andrew Mordzynski / Contributor / Getty Images Sport

NHL тарихындағы ең үздік сұрмерген – ресейлік Александр Овечкин (Вашингтон Кэпиталз) «Чикаго Блэкхоукс» командасына қарсы матчта жарақат алды.

Матчтың үшінші кезеңінде чикаголық хоккейші Луис Кревьер ойын таяғымен Овечкиннің бетінен ұрған. Соққының ауыр болғанынан ресейліктің тұмсығы бұзылып, тісі сынды.

Бір қызығы, төреші бұл жайтты көре тұра ойын ережесі бұзылмады деп есептеген. Овечкин сынған тісін көрсетіп, арбитрден қарсылас команданы жазалауды талап еткенімен, оның бұл шағымы тіпті қаралған да жоқ.

Нәтижесінде матч 3:2 есебімен «Чикаго Блэкхоукс» командасының жеңісімен аяқталды. Негізгі уақыт тең аяқталып, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам