Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері анықталды

05.01.2026, 15:09

Финалдық матч 6 қаңтарға қараған түні өтеді

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері анықталды
Getty images

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында Швеция мен Чехия құрамалары кездесетін болды.

Аталған турнир АҚШ-тың Миннесота штатындағы Сент-Пол қаласында өтіп жатыр. Финалға жолдама алған екі еуропалық құрама шешуші матчта чемпиондық атақ үшін өзара мықтыны анықтайды.

Жартылай финалдың алғашқы ойынында Швеция құрамасы Финляндияны буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңді. Бұл қос команда жартылай финалда қатарынан екінші рет кездескен болатын. Алдыңғы маусымда дәл осындай есеппен буллиттерде финдер басым түскен еді, бұл жолы шведтер есесін қарымтада қайтарды.

Екінші жартылай финалда Чехия құрамасы турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған Канаданы 6:4 есебімен сенсациялық жағдайда жеңді. Кездесуде есеп 2:2 болып тұрған сәтте канадалық Майкл Хэдж екі мәрте айып соққысын орындай алмады. Алғашқы соққы қақпашы тарапынан ереже бұзылғаны үшін есепке алынған жоқ.

Чехия құрамасы жеңіс шайбасын негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут 14 секунд қалғанда соғып, ойындағы басымдығын нықтай түсті. Осылайша, чехиялық хоккейшілер плей-офф кезеңінде Канаданы екінші жыл қатарынан жарыс жолынан шығарды.

Финалдық матч 6 қаңтарға қараған түнде өтеді. Үшінші орын үшін ойында Финляндия мен Канада құрамалары кездеседі.

Айта кетейік, сарапшылар мен букмекерлер Канада мен АҚШ құрамаларын турнирдің басты фавориттері деп бағалаған болатын. Осылайша 2016 жылдан бері алғаш рет жастар арасындағы әлем чемпионатының финалы Солтүстік Америка командаларынсыз өтеді.

2020 жылдан бері турнирде тек Солтүстік Америка құрамалары жеңіске жетіп келген, ал еуропалық командалар арасынан соңғы рет Финляндия 2018 жылы чемпион атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам