Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресейлік комментатор қазақтың жас хоккейшілерін кемсітті

14.01.2026, 19:29

Ақпарат көздерінің мәліметінше, комментатор уақытша эфирлерден шеттетілген

Ресейлік комментатор қазақтың жас хоккейшілерін кемсітті
mhl.khl.ru

Ресейдің «12-арнасы» телеарнасының комментаторы Максим Гречанин қазақстандық «Астана» балалар хоккей командасының ойыншыларына қатысты эфир барысында бейәдеп әрі қорлайтын сөздер айтып қойған.

Оқиға 12 қаңтар күні Омбы қаласында өткен балалар хоккей турнирінде, «Астана» – «Сибирь» матчы басталар алдында болған. Микрофон өшірілмеген сәтте айтылған бұл сөздер тікелей эфир жазбасына түсіп, кейін әлеуметтік желілерде кең тарады. Видеожазба қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Жанжалдан кейін Максим Гречанин көпшілік алдында кешірім сұрап, бұл әрекетін «өрескел әрі этикаға сай келмейтін» қылық деп атады. Оның айтуынша, айтылған сөздер ешқандай ұлтаралық араздық тудыруды мақсат етпеген және мүлде эфирге шығуға тиіс болмаған.

Сондай-ақ турнир ұйымдастырушылары мен Ресейдің хоккей федерациясы ресми түрде кешірім білдіріп, оқиғаға байланысты тексеріс басталғанын хабарлады. Ал қазақстандық жас спортшылардың ата-аналары ресми шағым түсірген.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, комментатор уақытша эфирлерден шеттетілген. Құқық қорғау саласының мамандары бұл жағдайдың құқықтық салдары болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Аталған оқиға қазақстандық жанкүйерлер арасында кең талқыланып, балалар спорты, спорттағы әдеп пен кәсіби жауапкершілік мәселесін қайта көтерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 2

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам