Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық хоккейшіден таяқ жедім деген бойжеткен жарақатын көрсетті

04.04.2026, 12:26

Оның айтуынша, жанжалдан кейін медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған

Қазақстандық хоккейшіден таяқ жедім деген бойжеткен жарақатын көрсетті
Фото: istockphoto.com

Көкшетау қаласының тұрғыны бұрынғы жігітінен зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам «Арлан» хоккей клубы ойыншысы.

Бойжеткен оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жазып, денесіндегі көгерген жерлер мен жарақаттардың фотосуреттерін жариялаған. Суреттерден қолында, бұғана тұсында және жақ аймағында гематомалар мен соққы іздері байқалады.

Оның айтуынша, жанжалдан кейін медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты (ЧМТ) бар деген диагноз қойған.Соның салдарынан ауруханада ем қабылдаған.

Жәбірленуші полицияға арыз түсіргенін де атап өтті. Алайда, оның сөзінше, іс «дәлел жеткіліксіз» деген негізбен жабылған.

Бұған дейін Михаил Козачков бұл жағдай туралы жазып, 19 жастағы Балайым Төкеннің бұрынғы жігітімен жазысқан хаттарын жариялағанын хабарлаған. Дәрігерлер қыздан көптеген гематомалармен қатар жабық бас-ми жарақатын анықтаған.

Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты ресми органдар тарапынан қосымша түсініктеме берілген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам