Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші рет плей-оффтан тыс қалды

05.03.2026, 21:45

Клуб әлі алты ойын өткізеді.

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші рет плей-оффтан тыс қалды
«Барыс» ХК

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен ресми түрде айырылды.

Бұл «Сибирь» командасы «Куньлунь Ред Стар» клубын 2:1 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды. Себебі «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұрған «Сибирьді» қуып жету мүмкіндігін жоғалтты. Алты тур қалғанда астаналық клуб қарсыласынан 13 ұпайға қалыс қалып отыр.

Өкінішке қарай, «Барыс» осымен төртінші маусым қатарынан плей-офф кезеңінен тыс қалады. Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы он үш маусымында қазақстандық клуб небәрі екі-ақ рет Гагарин кубогының жолдамасын ала алмаған.

Маусым аяқталғанға дейін «Барыс» алты ойын өткізеді. Соның біреуінде өз айдынында «Адмиралды» (16 наурыз) қабылдайды. Қалған кездесулерде «Сибирьге», «Амурге» және «Куньлунь Ред Старға» қонаққа барады, одан бөлек тағы екі рет «Адмиралмен» ойнайды.

Астаналық клуб үшін маусым 20 наурызда аяқталады. Сонан соң командадағы қазақстандық хоккейшілер ұлттық құрама сапында дайындықты бастайды. Қазақстан құрамасы 2-8 мамыр аралығында Польшада өтетін әлем чемпионатының бірінші дивизионында өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам