Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан хоккей құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Бүгін, 10:49

Қазақстандықтар Канада мен АҚШ құрамасымен бір топқа түсті

Қазақстан хоккей құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
ҚХФ

Қазақстан хоккей құрамасының 2027 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды.

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) элиталық дивизиондағы әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатысатын құрамаларды ресми түрде жариялады. Қазақстан құрамасы В тобына түсті.

Бұл топта қазақстандық хоккейшілер Канада, АҚШ, Чехия, Словакия, Дания, Норвегия және Венгрия құрамаларымен күш сынасады.

Ал А тобында Швейцария, Финляндия, Швеция, Германия, Латвия, Аустрия, Словения және Украина командалары өнер көрсетеді.

2027 жылғы әлем чемпионаты 14-30 мамыр аралығында Германияның Дюссельдорф және Мангейм қалаларында өтеді.

Айта кетейік, Талғат Жайлауов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы биыл І дивизионның А тобында жеңіске жетіп, әлем хоккейінің элиталық дивизионына қайта оралған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам