Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Барыс» бір күнде 23 хоккейшімен қош айтысты

Бүгін, 12:11

Спортшылардың келісімшарты аяқталды

«Барыс» бір күнде 23 хоккейшімен қош айтысты
hcbarys.kz

Астаналық «Барыс» клубында ауқымды құрамдық өзгерістер басталды. Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клуб жүйесіндегі 23 хоккейші еркін агент мәртебесіне ие болды.

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми мәліметіне сәйкес, 1 маусымнан бастап бұл ойыншылар ешқандай өтемақысыз жаңа клубпен келіссөз жүргізіп, келісімшарт жасай алады.

«Барыспен» келісімшарты аяқталған хоккейшілер қатарында Қазақстан құрамасының ойыншылары да, шетелдік легионерлер де бар. Олардың арасында Роман Старченко, Әлішер Аманғалиев, Артем Шестаков, Кирилл Савицкий, Дәулет Қуат, Әмірхан Шегебаев, Майкл Веккьоне, Макс Уиллман, Мэйсон Морелли және басқа да хоккейшілер бар.

Осылайша, клуб басшылығы жаңа маусым қарсаңында құрамды айтарлықтай жаңартуға кіріскен сыңайлы. Әзірге бұл ойыншылардың қаншасымен жаңа келісімшарт жасалатыны немесе олардың мансабын қай клубта жалғастыратыны белгісіз.

Айта кетейік, өткен маусым «Барыс» үшін сәтсіз аяқталды. Астаналық ұжым Шығыс конференциясында оныншы орын алып, кезекті рет ҚХЛ плей-офф кезеңіне жолдама ала алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам