Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында Латвиямен кездеседі

14.05.2024, 11:42

Бұған дейін қос құрама 8 рет ойнап, жетеуінде латыштар жеңген

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында Латвиямен кездеседі
Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бүгін үшінші ойынын өткізеді. Бұл жолы Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Латвия құрамасына қарсы айдынға шығады.

Дүниежүзілік біріншілікте еліміздің шайба шеберлері элиталық дивизионның В тобында сынға түсіп жатыр. Бұл топта Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польша құрамалары бар.

Бұған дейін ұлттық құрама Латвияға қарсы 8 ойын өткізген. Алайда, оның тек біреуі ғана Қазақстан хоккейшілерінің жеңісімен аяқталып, 7 рет ұтылған.

Сондай-ақ, ұлттық құрама ойыншылары Швециямен 16 мамырда кездесетін болады. 17 мамырда – Германия, 19 мамырда – АҚШ, 20 мамырда Польша хоккей құрамаларымен ойынды тамашалаймыз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам