Бұған дейін Францияны ұтып, Словакияға есе жіберді
Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуін өткізді. Бұл жолы Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Чехиядан жеңілді, есеп – 0:2.
Матч алдында сарапшылар Чехияның фаворит екенін айтқан. Қос құрама бұған дейін 8 рет кездесіп, соның жетеуінде латыштар жеңгені белгілі. Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы бірінші кезеңде өте сауатты қорғанып, қарсылас қақпасына бірнеше рет қауіпті шабуыл жасай білді. Алайда, бұл кезеңде есеп ашылған жоқ. Есесіне, ойынның екінші бөлігінде Латвия құрамасы күш алып, 32-минутта есепті ашты. Гол авторы – Роберт Букартс. Ал, 36-минутта Кристерс Гудлевскис есепті еселеді.
Үшінші кезеңде Қазақстан хоккейшілері шабуылдағанымен, латыштар өз қақпасын голдан сақтап қала алды.
Осы жеңіліске қарамастан Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шығудан үмітін үзген жоқ. Мәмбетәлиев шәкірттері үш кездесудің біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілді. Енді алда Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен болатын төрт матч бар. Егер қазақстандық хоккейшілер бәрінде жеңіске жетсе, топтан шыға алады.