Жарыс ұйымдастырушылары Қазақстан әнұранын қоса алмаған
Венгрияда өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын қоя алмады. Есесіне, жас хоккейшілеріміз сасып қалмай, гимнді бастан-аяқ өздері орындап шықты.
Ұлттық құрама ойыншыларының бұл әрекеті Қазнетте қызу талқыланып жатыр. Қарапайым желі қолданушыларынан бастап танымал өнер жұлдыздары, блогерлер, тіпті саясатта жүрген азаматтар да хоккейшілерімізге қошемет білдіруде.
Айта кету керек, Даниямен өткен осы ойында Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ойынның соңғы минуттарына дейін біздің хоккейшілер 1:2 есебімен жеңіліп тұрған.