Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Нұрлан Оразбаев «Барыс» мектебіндегі балаларды жарысқа неліктен жібермегенін түсіндірді

09.01.2025, 17:08

Оның айтуынша, жасөспірімдер арасынан ұлттық лигаға бірде-бір хоккейші шықпаған

Нұрлан Оразбаев «Барыс» мектебіндегі балаларды жарысқа неліктен жібермегенін түсіндірді
hcbarys.kz

 

«Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шыққан дау бойынша клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаев мәлімдеме жасады.

Клуб басшысы мәселенің ақша емес, басқада екенін атап көрсетті. Ол жасөспірім хоккейшілердің нәтижеге емес, болашақтағы жетістіктері үшін жаттыққаны дұрыс деп санайды. Ал үнемі жолда жүретін балалардың арасынан бірде біреуі жоғары лигаға шақырту алмаған.

«Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен өткен кездесу нәтижесінде Клубқа қатысты ағымдағы мәселелер талқыланды және 2024-2025 маусымында жасөспірімдер командаларының ДЮСШ аясында қатысуын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Біздің мектебіміздің «Федералды округтің, екі немесе одан да көп федералды округтердің біріншіліктері» арасындағы аймақаралық жарыстарға қатысуы биылғы маусымның қорытындысы бойынша талқыланады. «Sport Qory» туризм және спортты қолдау қоры тарапынан қаржылық көмек көрсетілді. Алайда, қаржылық жағдай бұл мәселедегі ең басты нәрсе емес. Біздің жасөспірімдер Қазақстан чемпионатына және Ресей біріншілігіне қатысып, жалпы алғанда 60-70 ойын өткізеді. Бұл балалар үшін шектен тыс физикалық және психоэмоционалдық жүктеме», – дейді Нұрлан Оразбаев.

Оразбаевтың айтуынша, жасөспірім хоккейшілер көп уақытын жолда өткізеді.

«Барлық сапарлар, әдетте, пойызбен немесе автобустармен жүзеге асырылады. Бір маусымда команда жолда 40-50 күннен астам уақыт өткізеді, бұл уақытты жаттығу процесіне жұмсауға болар еді. 10 жыл ішінде біз 1,5 жылдан астам уақыт жаттығуды жоғалтамыз. Жас спортшыны дайындаудағы ең маңызды нәрсе – балаларға дұрыс сырғанауды және шайбамен жұмыс істеуді үйрету. Егер жас кезде негізгі дағдыларды дұрыс меңгертпесек, оны кейін түзету мүмкін болмайды», – дейді ол.

Ал мектеп құрылғаннан бері біздің ешбір тәрбиеленушіміз Ұлттық хоккей лигасының ойыншыларының қатарында жоқ, сондай-ақ КХЛ ойыншылары арасында да жоқ. «Металлург» клубында өнер көрсетіп жүрген Михаилис пен Орехов «Қазақмыс» мектебінің тәрбиеленушілері, олар жас кездерінде мұншалықты көп ойындарға қатыспаған.

«Швеция хоккей мектебі әлемдегі ең үздік хоккей мектептерінің бірі болып саналады. Биылғы маусымда бұл мектептен шыққан 88 ойыншы НХЛ-да ойнап жүр. Әдетте, бұл ойыншылар жұлдызды мәртебеге ие болып, Лиганың көшбасшылары саналады. Швецияда балалар хоккейінде нәтижеге ойнауға тыйым салынады, олардың дайындығы көбіне жаттығу процесіне бағытталады. Тек 12 жастан асқаннан кейін ғана олар елдің ресми чемпионаттарына қатыса бастайды», – дейді Нұрлан Оразбаев.

Сондай-ақ Нұрлан Оразбаев еліміздің ішкі чемпионаттарын дамытуға күш салу керегін атап өтті.

«Өз кезегінде, соңғы жылдары Қазақстан Хоккей Федерациясы елдегі балалар мен жасөспірімдер және ересектер хоккейін дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Ересектер мен жасөспірімдер командалары арасында толыққанды чемпионаттар өткізіліп келеді. Маңызды аспект – Қазақстанның ішкі чемпионатын әрі қарай дамыту. Бұған қоса, негізгі міндет – әлемдік тәжірибеге сәйкес жаттықтырушыларымыздың біліктілігін арттырып, оларды лицензиялау», – дейді клуб президенті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам