Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

«Барыстың» бас бапкері қызметінен кете ме? Клуб басшысы жауап берді

13.01.2025, 17:05

Бас бапкермен келісімшарт үш жылға есептелгені белгілі болды

«Барыстың» бас бапкері қызметінен кете ме? Клуб басшысы жауап берді
hcbarys.kz

 

«Барыс» клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев баспасөз конференциясында бас бапкер Ғалым Мәмбеталиевке қатысты сұраққа жауап берді. Тілшілердің бірі басшыдан «Мәмбеталиев орнын босатуы мүмкін бе?» деп сұраған.

«Бас бапкермен келісімшартымыз үш жылға есептелген. Қазіргі басты мақсат – команданы жасақтап, жайлы микроклимат қалыптастыру. Жігіттер тырысып жатыр, айдынға шығуға мүмкіндік берілгенін бағалайды. Бапкерлер штабының ауызбіршілігі жақсы. Бұл кезеңнен өтуіміз керек, бәрі жақсы болады», - деді Оразбаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам