
25 жастағы спортшы мас күйінде төбелес шығарған
АҚШ-тың Техас штатында «Вашингтон Кэпиталз» хоккей клубының ойыншысы, ресейлік спортшы Александр Алексеев қамауға алынды.
Оқиға 17 мамыр, сенбі күні таңғы сағат 03:00 шамасында болған.
Полицияның мәліметінше, Кларендон бульварының 3100-бөлігінде патруль жүргізіп жүрген тәртіп сақшыларын куәгер тоқтатып, дүкен маңында төбелес болып жатқанын хабарлаған.
Кейін офицерлер күдікті ер адамның екінші азаматпен жанжалдасқанын көреді. Қызметкерлер жақындағанда, күдікті қарсыласын ұра бастаған. Сол сәтте полиция қызметкері газ баллоншасын қолдануға мәжбүр болып, күдіктіні ұстаған.
Ресми есепке сәйкес, ұсталған азамат — 25 жастағы Александр Алексеев. Оған мас күйінде көлік жүргізу және қоғамдық орында масаң күйде болу баптары бойынша айып тағылған.
БАҚ мәліметінше, қамауға алынған Алексеев — «Вашингтон Кэпиталз» сапында өнер көрсетіп жүрген кәсіби ресейлік хоккейші. Полиция бөлімшесінде түсірілген суреттерде оның бірнеше тісінің жоқ екені байқалады.