Қазақстанның хоккей құрамасы қандай жағдайда элитаға оралатыны белгілі болды

23.05.2025, 23:44

Оралу үшін Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва құрамаларынан басым болу керек

Қазақстанның хоккей құрамасы қандай жағдайда элитаға оралатыны белгілі болды
Қазақстан хоккей федерациясы

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) Швеция астанасы Стокгольм қаласында өткен конгресінде хоккейден IA дивизионы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының өтетін орны анықталды.

Алты елдің құрамасы 2026 жылы Польшадағы Сосновец қаласында орналасқан «ArcelorMittal Park» аренасында бақ сынайды. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва командаларымен кездесіп, элиталық дивизионға қайта оралу үшін күреседі. Жарыс 2026 жылдың 2-8 мамыры аралығында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында В тобының турнирлік кестесінде сегізінші орын алып, элиталық дивизионнан шығып қалған еді.

2026 жылғы IA дивизионында ойнайтын командалар:

  • Қазақстан құрамасы (элиталық дивизионнан шығып қалды);
  • Франция құрамасы (элиталық дивизионнан шығып қалды);
  • Украина құрамасы (IA дивизионында 3-орын);
  • Жапония құрамасы (IA дивизионында 4-орын);
  • Польша құрамасы (IA дивизионында 5-орын);
  • Литва құрамасы (IB дивизионының жеңімпазы).
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам