ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Барыс» америкалық легионермен келісімге келді

Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға есептелген

hcbarys.kz
hcbarys.kz

«Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Иэн Маккошенмен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.

2013 жылы «Флорида Пантерз» клубы драфтта таңдаған Маккошен кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізді. Ол Ұлттық хоккей лигасында 60 матч және АХЛ-де 244 ойынға қатысты.

Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын Иэн 2024/2025 жылдары өткізді. «Куньлунь Ред Стар» сапында 61 матчқа қатысып, 4 шайба соқты және 11 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар 90 соққыны бөгеп, 113 күштік тәсіл қолданды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам