
«Барыс» енді келесі ойынын 1 қазанда Астанада өткізеді
Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Астанада өткізіп, Владивостоктың «Адмиралын» 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Бірінші кезеңде есеп ашылмағанымен, елордалықтар екінші кезеңде басымдықты қолға алды.
Қорытынды есеп – 3:0. Бұл – «Барыстың» қатарынан екінші жеңісі. Бұған дейін елордалықтар «Сибирьді» қос мәрте камбэк жасап, 6:4 есебімен ұтқан болатын.
«Барыс» енді келесі ойынын 1 қазанда Астанада өткізеді. Қарсылас – Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасы.
Айта кетейік, маусым алдында «Барыс» сапына бірқатар жаңа ойыншылар қосылды. Арасында америкалық хоккейшілер Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, сондай-ақ қазақстандық ойыншылар Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко бар.