Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Барыс» кезекті рет жеңілді

12.10.2025, 20:36

15 ойыннан кейін небәрі 13 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында 7-ші орында келеді

«Барыс» кезекті рет жеңілді
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында Астананың «Барысы» өз айдынында Нижегород қаласынан келген «Торпедоны қабылдап, 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ойын қарқынды басталған. Бірінші кезеңнің өзінде командалар үш шайба соғып, «Барыс» 2:1 есебімен алға шыққан болатын. Алдымен Кирилл Панюков есеп ашса, қонақтар сапынан Максим Летунов көзге түсіп, есепті теңестірді. Ал, кезең аяқталар тұста Райли Уолш «Торпедо» қақпасына гол соғып, астаналық жанкүйерлерді қуантты.

Екінші кезеңде қонақтар төрт бірдей шайба соғып, керемет камбэк жасады. «Барыс» болса небәрі бір шайбамен жауап берді. Үшінші кезеңде командалар мүлдем гол соға алмады. Қорытынды есеп – 3:5.

15 ойыннан кейін небәрі 13 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында 7-ші орында келеді. «Торпедо» болса «Батыс конференциясының көшбасшылар қатарында. Олар 16 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, турнир кестесінің екінші сатысына жайғасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам