Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Хабиб Нурмагомедов Дубайда дүкен ашты

Бүгін, 10:34

Бутик интерьері UFC октагон секілді сегіз қырлы пішінде жасалған

Хабиб Нурмагомедов Дубайда дүкен ашты
championat.com

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дубайда (БАӘ) жаңа аяқ киім бутигін ашты. Дүкен Send Location («Локация жібер») деп аталады.

Бұл туралы жеңіл салмақтағы экс-чемпион әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бутик интерьері UFC октагон секілді сегіз қырлы пішінде жасалған. Ашылу рәсіміне жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Ислам Махачев пен бірқатар танымал спортшы қатысты. Хабибтің дүкені Дубайдағы API 1000 Shops деп аталатын ғимаратта орналасқан. Бұл нысанда ауданы 162 шаршы метр болатын орынның жылдық жалдау ақысы 430 мың дирхамнан асады (шамамен 122 мың доллар).

Айта кетейік, Нурмагомедов карьерасын 2020 жылдың қазанында америкалық Джастин Гэтжиді жеңген соң аяқтады. Ал ММА-де ол 29 кездесуінің барлығында жеңіске жетті. 2022 жылдың шілдесінде Хабибтің есімі UFC Даңқ залына енді. Қазір дағыстандық спортшы Ислам Махачев, Умар Нурмагомедов секілді UFC мен өзге де лигаларда өнер көрсететін көптеген файтердің жаттықтырушысы әрі секунданты болып жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам